Құқық қорғау органдары

Жол полицейлері рейдке шықты

Жолда жүру ережесіне салғырт қараудың соңы орны толмас өкінішке әкеліп жатады. Петропавлдағы мына жол-көлік апаты жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Көлік қақтығысы Жабаев және Мүсірепов көшелерінің қиылысында болған. ВАЗ 2104 автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсіне келе жатқан көлікке қиылыста жол бермейді. Қатты соққыдан қауіпсіздік белгісін тақпаған ВАЗ-дың рөлінде отырған адам көлігінен түсіп қалған. Басқарусыз қалған машина шыр айналып, «Mercedes»-пен екінші рет қақтығысады. Әйтеуір, иесіз машина жиектегі ағашқа соғылып бірақ тоқтаған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ, бірақ көліктерге қатты нұқсан келді. «Қала сыртындағы жол» атты рейд барысында тәртіп сақшылары жолда жүру ережесінің сақталуын қадағалауды күшейтіп, жолдарды жіті бақылады. Жедел алдын алу шарасын тәртіп сақшылары жыл соңына дейін ұйымдастырады.

 

Мағжан Ахмадина