Қоғам

Жаңа шіркеу салынып жатыр

 

Бұл үш күмбез Челябі қаласында жасалған. Олар әлі орнатылған жоқ. Дей тұрғанымен, құдайға құлшылық етудің бірінші рәсімі күмбездердің қасында өтеді. Қоңыраулар да ілінбегендіктен, таңғы 8:45-те арнайы жазылып алған қоңырау үні қосылды. Бұдан кейін жаңа салынып жатқан шіркеуге архиерей келді. Ол құдайға құлшылық етудің басты рәсіміне қатысады.

 

протоиерей Сергий, әулие Петр және Павел апостолдар шіркеуінің басшысы:

– Құдайға құлшылық ету рәсімін Петропавл және Булаев епархиясының басшысы епископ Гурий жүргізеді.

 

Әулие Мария Магдалинаны еске алу күнінде жүздеген діндар адамдар аз уақыттың ішінде әжептәуір көтеріліп қалған шіркеудің қабырғасының жанында Құдайға құлшылық етті. Ол Бензострой мен Жұмысшы кентінің тұрғындары үшін салынып жатыр.

 

протоиерей Сергий, әулие Петр және Павел апостолдар шіркеуінің басшысы:

-Шіркеудің құрылысын уақытында аяқтау үшін баршаңызға қайырымдылық жасауыңызға болады. Біз 19-шы ықшам ауданындағы шіркеуді көпшіліктің күшімен салдық. Петр мен Павел соборын да қайырымды жандардың қол ұшын беруімен жөндеген болатынбыз.

 

Шіркеудің құрылысы аяқталған соң мұнда кітапханаға да кең орын берілмек.

 

Бану Ахметова