ТЖ

Облыс аумағында бір аптада 14 рет өрт болды

Есік қақпай келетін апат облыс орталығындағы “Султан-ЭММК” АҚ 17-ші қоймасында тіркелді. Қарапайым сақтық ережелерінің еленбеуінен өршіген жалын шатырдың 40 шаршы метрін жалмаған. Сондай-ақ, тілсіз жау “Россиянка” саяжай қоғамында да орын алды. Мамлют қаласының тұрғыны газ баллонының жарамдылығын шырпы жағып тексермекші болыпты. Нәтижесінде 2-3-дәрежелі күйікпен ауруханада жатыр. Жамбыл ауданының Благовещенко ауылының 14 жасар тұрғыны тілсіз жаудың тұтқынында қала жаздады. Жапашегуші үйден сыртқа шығысымен баспананың шатыры мен қас бетінің жанып жатқанын байқаған. Өрт сақшылары отты уақытында құрықтады. От электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.

 

Жеңіс Ермұқанов