Құқық қорғау органдары

Облыс полицейлері жартыжылдықты қорытындылады

 

Жыл басынан 39 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 40 мыңға жуығына айыппұл салынған. Заңсыз айналымнан 57 келі есірткі тәркіленіпті. Іздеуде жүрген 144 қылмыскердің 80-і құрықталған.

 

Мұрат Ұрұмханов, СҚО Ішкі істер департаментінің бастығы:

– Ең көп таралған қылмыс түрі – ұрлық. Биыл 3 271 факті тіркедік. Оның 909-ы – пәтер тонау, 800-ден астамы ұялы телефон ұрлау, 8-і көлік, ал 170-і мал ұрлау болып табылады.

 

6 айда жалпы 4 жарым мыңнан астам қылмыс тіркеліпті. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, ауыр және аса ауыр түрі азайған.

 

Мұрат Ұрұмханов, СҚО ІІД бастығы:

– Қарақшылық, тонау қылмыстарын кеміді. Өткен жылмен салыстырғанда алдын алу жұмыстарының нәтижесінде кейбір фактілердің кемігенін байқадық.

 

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 7,2 пайызға азайған. Оған көшеде тұрған жылдамдық өлшеуіш құралдарының да ықпалы тиді дейді тәртіп сақышылары. Биыл аппараттардың санын арттыру жоспарланған. Алдағы уақытта тағы 4-уі іске қосылады.

 

Мағжан Ахмадина