Қоғам

Мұсылман қауымы Қадір түнін қарсы алуға әзірленуде

 

Мейірім-шапағатқа толы Рамазан айының әр күні мен әр түні қасиетті. Оның ішінде мың айдан да артық Қадір түнінің орны бөлек. Дәл осы түні жер бетіне періштелер түсіп, шын ниетпен тілек тілегендер Алланың шапағатына бөленеді. Қадір түнінде діни кітаптар оқып, ғибадатпен өткізу қажет.

Сондай-ақ, рухани бағдарламалар көруге рұқсат етілген. Түні бойы кең дастархан жаю шарт емес. Тек адамдар түндердің мырзасын шын ниетпен қарсы алса болғаны.  Қадір түнінде жасалған әрбір іс-әрекет, құлшылық өзге уақытта мың ай тоқтаусыз жасағаннан да артық. Өзге ізгі амалдарымыз да сол секілді еселенеді дейді “Қызылжар” орталық мешітінің азаншы имамы Азамат Сәрсенов. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды екен.

Бүгінде облыста 30-ға тарта мешіт бар.   Есіл және Уәлиханов аудандарында жаңадан екеуі салынып жатыр.

 

Біржан Қойшыбаев