Салық басқармасы

Бірыңғай байланыс орталығының қызметін пайдаланушылар көбейіп келеді

 

– Алло… Сәлеметсіз бе? Бұл байланыс орталығы ма? Менің сізге қояр сұрағым бар еді. Көлік салығын қай уақытта төлеу керекпін.

 

Осылайша, кез-келген салық төлеуші 14 14 қысқа және 8-800-080-77-77 нөмерлерін теру арқылы өзіне қажетті ақпарат ала алады. Республика бойынша қоңырау шалу – тегін.

Бірыңғай байланыс орталығы Астана қаласында орналасқан. Ол жылдың басынан іске қосылды. Бұл қызметті пайдаланып үлгерген солтүстікққазақстандықтар мұндай тегін әрі жылдам жұмыс істейтін жүйенің тиімділігін айтуда.

 

– Байланыс орталығының ашылғандығы бізге енді ыңғайлы болмақ.

– Керек мәліметті жүгіріп жүрмей-ақ алуға болады.

 

Бірыңғай байланыс қызметінің көмегіне көбінесе Ақмола мен Оңтүстік Қазақстан өңірлерінің тұрғындары жүгінеді екен. Орталықта 100-ден астам оператор жұмыс істейді.

 

Бану Ахметова