Спорт

Велоспорттан облыстық жарыс

Бірінші жекелей сында 5 және 10 шақырымдық жарыс жолына 13-14 жастағы ұлдар мен қыздар шықты. Сайысқа Әлия Ерғазы 1-ші рет қатысып жатыр. Ол 5 шақырымды 13 мин 40 секундта бағындырды. Әлия қыздар арасында мәре сызығын үшінші болып кесті.

 

Әлия Ерғазы, жарысқа қатысушы, Ақжар ауданы:

-Өткен жылы облыстық спартакиадаға келе алмадым. Бірақ осы жылы келдім. Міне, бәрі жақсы, 3-ші орын алдым. Тағы да келемін деп ойлаймын.

 

Бұл жарысқа Петропавл қаласы және Ақжар, Айыртау, Қызылжар мен Мамлют аудандарының ғана спортшылары қатысуда. Қалғандарынан белгілікті бір себептерге байланысты келе алмаған. Талшық ауылының тұрғыны Темірлан Әубәкіров жердің алыстығына қарамастан жарыс ортасында жүр.

 

Темірлан Әубәкіров, жарысқа қатысушы, Ақжар ауданы:

– Бірінші рет қатысып тұрмын, қорқынышты. Жер-жерден келген қарсыластарым көп екен. Бірақ 1-ші келетініме сенімдімін, Құрдастарыма сәттілік тілеймін.

 

Небір мықты спортшылар алтын бесік ауылдан шығатыны аян. Жарыстың бас төрешісі Владимир Парахин осы сайыста спортта дарыны бар балаларды байқаймыз дейді. Спартакиада 3 күнге жалғасады. Жас велошабандоздар өз күші мен қажыр-қайратын топтық және маунтинбайкта сынайды. Жеңімпаздар тамыздың үшінде белгілі болады.

 

Берік Қасен