Қайырымдылық

Қызылжар ауданында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетілді

Жаңа оқу жылына 1 ай қалды. Бүгін Қызылжар ауданындағы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері үшін күтпеген сый жасалды. 20 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар тегін таратылды. Мұндай сыйлық қыркүйекке дейін тағы 540 балаға табыс етіледі.

 

Еркебұлан Каменов, Қызылжар ауданының әкімі:

– Ауданда көпбалалы және ата-ана қамқорынсыз қалған 560 бала бар. 300 балаға жалпы оқыту қорынан 1 млн 500 мың теңгеге көмек көрсетіледі. Қалған 260 балаға атқарушы органдардың басшылары, шаруашылық субъектілері,  жеке кәсіпкерлер көмек көрсетеді. Сондықтан көмек көрсетем деушілерді қол ұшын беруге шақырамын.

 

Оқушыларға қалам-қарындаш, дәптерге толы сөмке, арнайы спорттық форма мен аяқ киім тарту етілді. Сыйлыққа ие болғандардың бірі – «Парасат» мектеп-лицейінің оқушысы Дина Сапуан. Тұрғындар мұндай акция үлкен көмек дейді.Елімізде бұл акция 6 жыл қатарынан жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде мектепке арналған құрал-жабдық бойынша 1 млн-нан астам балаға көмек көрсетіліпті. Оған 6 млрд. 400 млн. теңге қаражат жұмсалған.

 

Бану Ахметова