Құқық қорғау органдары

Петропавл қалалық сотында алаяқтардың ісі қаралып жатыр

 

Өткен қыстың ортасында Александр Щербаковтың анасы 77 жастағы кейуана үйде жалғыз отырғанда біреу қоңырау шалады. Телефон тұтқасын көтере салысымен ар жағындағы адам “Сіздің балаңыз адамды қағып кетті, егер істі болмасын десеңіз 500 мың теңге беріңіз” деген. Мұны ести салысымен жәбірленуші абыржып, белгісіз біреуге қолындағы бар 120 мың теңгені ұстатады.

 

Александр Щербаков:

Анам қолындағы ақшасын бергеннен кейін, уайымдағаннан талып түскен. Көршім маған қоңырау шалып, мен жұмыстан сұранып келдім. Содан кейін полицияға хабарластық. Бірнеше ай өткен соң белгісіз біреу тағы да телефон соғып, “алаяқтарды ұстадыңдар ма» деп күлген.

 

Осылай алданып қалған тек Щербаковтар ғана емес. Жәбірленушілердің саны 30-дан асады. Олардың барлығы қулардың үстінен арыз жазған. Жапа шеккендердің, әзірге 9-ы тыңдалды. Бұл – өтіп жатқан 3-ші отырыс. Ұсталған күдікті – үшеу. Біреуіне қылмыстық кодекстің 177- бабының 3 тармағына сәйкес – ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал, екі пысықай бұған дейін де сотталған екен. Олар 177-ші баптың 2-ші тармағы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Мағжан Ахмадина