Қоғам

Облыста экологиялық байқау өткізіледі

 

Байқаудың басты мақсаты – бұқараны табиғатты аялап-қорғауға баулу, экологиялық проблемаларға деген олардың көзқарасын білу. Бірігіп мәселенің түйінін тарқататын жолдарды қарастыру. Конкурс 3 бағытта өтеді.

 

Илья Зейферт, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

-Солтүстікқазақстандықтар «Экологиялық тақырыптағы үздік мақала», «Табиғаттың әсемдігі» фотоконкурсы, «Экология және адам» тақырыбындағы үздік бейнеролик сындарында бақтарын сынай алады.

 

Жұмыстарды қазақ және орыс тілінде жазуға болады. Оны тамыздың 12 мен 21 аралығында тапсыру қажет.Байқау жайлы толығырақ ақпаратты облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының сайтынан білуге болады. Сондай-ақ, бұл мағлұматты БАҚ-тан көруге болады.

 

Жеңімпаздар сыйақымен марапатталып, үздік еңбектер облыстағы қоршаған ортаның жағдайы туралы бюллетеньде жарияланады.Жалпы елімізде экология мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Бұл бастама – солтүстікқазақстандықтардың қолдауына ие.

 

Менің ойымша экологиялық мәселелер өзекті. Сондықтан жастардың бұл проблемаға араласып, шешу жолдарын іздестіргені жөн.

Қаламыз көгалдандырылып келеді. Бұл өте жақсы. Алдағы уақытта да игі іс жалғасын табады деген үміттемін.

 

Айдана Демесінова