Ауыл шаруашылығы

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Есіл ауданында болды

 

Облыс әкімі Самат Ескендіров ең алдымен Торанғұл және Бесқұдық селолық округтеріне ат басын тіреді. Өңір жетекшісі егісті байқады. Тиісті агротехникалық жұмыстар еңсерілген, машина-трактор паркі жарақтандырылған, еңбек күші де жеткілікті. Сондықтан, диқандар мол өнім жинауға үмітті.

Ильинка селолық округіндегі «Агро-Александровка» ЖШС мол түсім жинайтынына зор сенім бар. Ырыс дәні құрғақшылықтан аман, өңдеу жұмыстары жүргізілген. Ауа райы қолайлы болса, орақ науқанына тамыз айының ортасында кіріспек.

 

Сергей Шинкаренко, «Агро-Александровка» ЖШС басшысының орынбасары, Есіл ауданы:

-Құлатылған алғашқы егіннің 30-40 пайызын маялаймыз. Әрі қарай көре жатармыз. Жыл сайын мол өнім алуға тырысамыз. Әзірге, бәрі оайдағыдай жүріп жатыр.

 

«Агро-Александровка» серіктестегінің егіс алқабы 4 мың гектарды құрайды. Өткен жылы гектар берекелігі 18 центнерден айналған. Одан түскен табысты машина-трактор паркін жаңғыртуға бағыттапты.

Самат Ескендіров «Ильинское» ЖШС де соқты. Мұнда қара бидайдың өсімі жақсы, бір жылдық шөптің де жағдайы тәуір. Ауа райы қолайлы болса, бір аптадан кейін азықтық дақылдарды оруға кірісеміз дейді олар.

Биыл шаруа қожалығы өз қаражатына 5 жаңа комбайн сатып алыпты. Облыс әкіміне серіктестіктің қырман шаруашылығы көрсетілді. Көктемнен бастап мұнда бидай сақтайтын қосымша бункер салынуда.

 

Александр Бурлёв, «Ильинское» ЖШС басшысы, Есіл ауданы:

-Дәнді дақылды 17 мың гектарға септік. Қырманға күніне 2 тоннаға дейін астық әкеле аламыз, алайда мұнда оны өңдеуде қиындықтар туындаған. Өткен жылы біреуін іске қостық. Екіншісі – кезекте тұр. Жалпы қуаттылығы – 200 тонна.

 

Қырман жақын арада қолданысқа берілмек. Жоба құны – шамамен 100 млн теңге.

Ал, Амангелді селолық округінде облыс әкімі Самат Ескендіров «Агрохимснаб» ЖШС алқабын аралады. Алтын дән мұнда белге дейін жетіп қалыпты. Өңір басшысы бұл жердегі диқандардың жұмысына жоғары бағасын берді. Шаруашылықтағы егіс алқабының жалпы көлемі – 12 600 гектар. Дәнді дақылдардың негізінен «Омбы-35» және «Омбы-36», «Астана» сұрыптары егілген. Соңғысында балауыздың үлесі 36 пайызға дейін жетеді. Серіктестік басшысының айтуынша, мол өнім алуға барлық жағдай бар.

 

Василий Шкодин, «Агрохимснаб» ЖШС басшысы, Есіл ауданы:

-Соңғы 5 жылда гектар берекелігі 25 центнерді құраған. Ауа райы қолайлы болып, мол түсім аламыз деген үміттеміз.

 

Шаруашылықтағы техника саны – 25. Тағы 2 комбайн алу жоспарда бар.

Жалпы, Есіл ауданында биыл 275 мың гектар жерге егін егілген. Оның 231 мың га – дәнді, 27 мың га – майлы және 14,5 мың гектары азықтық дақылдар.

 

Мұратбек Әбішев, Есіл ауданының әкімі:

-Барлық шаруашылықтағы жұмыс жақсы жолға қойылған. Ору науқанына сақадай сай. Бүгінде астықты күтіп-бағуда. Жазда тиісті агротехникалық шаралар тындырылды. Кей шаруашылықтарда түрлі ауруларға қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Бүгінде Есіл ауданында 81 ЖШС, 202 шаруа қожалығы бар.

 

Айдана Демесінова