Білім

«Есіл су» кәсіпорнында жоғары білімді мамандар көбейіп келеді

 

Бұған дейін «Есіл су» кәсіпорнында 800-ге жуық адам жұмыс істесе, су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша тек 16-сының ғана арнаулы білімі болған. 2 жыл бұрын мекеме Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетімен келісімшарт жасасыпты. Соның нәтижесінде 18 адам қашықтықтан оқып, жоғары білім алды. Оның 10 – «Қызылжар су» ЖШС қызметкерлері.

 

Иван Кендюх, «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалы басшысының кеңесшісі:

-Кәсіпорында тәжірибиесі мол мамандар жетерлік. Олардың тек арнаулы білімдері жоқ. Осы жобаны сол себепті қолға алдық. Қызметкерлерімізді колледжге де оқығу жібереміз.

 

Дулат Қалиевтің алғашқы мамандығы – инженер- құрылысшы. Су шаруашылығы саласында 16 жыл қызмет атқарған. Бүгін ол да диплом алушылардың қатарында.

 

Дулат Қалиев, «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалы Есіл өндірістік учаскесінің басшысы, Есіл ауданы:

-Диплом өндірісті дамыту үшін, жетістіктерге жету үшін көп пайдасын тигізеді. Жалпы арнайы білім болғанының пайдасы зор. Бүгін міне диплом алып жатқанымызға өте қуаныштымын.

 

Келесі жылы жоғары оқу орнына “Есіл судың” тағы 10 маманы түседі.

 

Мағжан Ахмадина