ТКШ

Петропавлда 300-ден астам көпқабатты тұрғын үй қысқа дайын

Юрий Виничевский 8 пәтер иелері кооперативіне төрағалық етеді. Басқаруындағы барлық баспаналарды қауырт маусымға ерте бастан дайындайды екен. Бостандық көшесі бойындағы 78-ші үй солардың қатарында. 4 жыл бұрын мұнда жылу есептегіш құрылғысы орнатылған. Қазір тұрғындар құралдың пайдасын көріп отыр. Жылудың бір текше метрі үшін олар 68 теңгеден төлейді. 119 пәтерлі баспана қыста қиындық көрмепті.

 

Юрий Виничевский, «Бостандыкская 78» ПИК төрағасы:

– Жуып-шаю жұмыстарын 20 шілде күні жүргіздік. Қазір монометрлерді тексеру мен желілерді қаптау ғана қалды.

 

Ал келесі үй қысқа, тіпті, маусымның басында кіріскен. Айдың 25-нде барлық тиісті құжаттарын алып, сақадай сай отыр.

 

Тамара Дурдина, «Сатпаев, 38» ПИК төрайымы:

– Жылда қыстан шығысымен бірден келесі жылыту маусымына әзірленеміз. Барлық істі тындырып қойдық. Енді ауланы абаттандыру мен шағын жөндеу жұмыстары ғана қалды.

 

Десе де, қалада кейбір тұрғындар қауырт маусымға дайындалуға әлі асығар емес. Бүгінде үйлердің тек 30 пайызы ғана әзір.

 

Жәнібек Әлкин, Петропавл қалалық әкімдігі тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы:

-300 үйде жуып- шаю жұмыстары жүргізілді. Қалалық әкімдікте қысқы маусымға дайындықты қадағалап, кеңестер беретін штаб құрылған. Оған кез келген ПИК төрағасы қатыса алады.

 

Сатпаев көшесі бойындағы 38-ші үйдің тұрғындары өткен жылы жылу есептегіш құрылғысын орнатып, барлық желілерді жаңаларына алмастырған.

 

Мағжан Ахмадина