ТЖ

Өрт сөндірушілер жарысы

Әр ауданның намысын арқалап келген әр команда қалалық өрт сөндірушілердің алдын орап, әлем чемпионатына жолдама аламыз деп мақсат қойып отыр. Соған әдейі күш-жігерлері мен уақыттарын аямай біраз дайындалған. Өйткені, өткен жылғы облыс кубогін Петропавлдағы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары жеңіп алыпты. Олар бұл жолы да осал болған жоқ. 100 метр қашықтыққа жүгіруде қарсыластарына қарағанда жүйрік.

 

Асқар Ысмағұлов, СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімінің бас маманы:

-Сайыс қызу жүріп жатыр. Биыл да бірінші орын аламыз деген сенім бар.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған жарыс түрі өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігін арттыруға септеседі.

 

Николай Белоусов, СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлім бастығы:

– 3 түрлі сайыс өткізудеміз. Алғашқы жарыста өжет жігіттер 100 метрге орнатылған кедергілерден еш қиындықсыз жүгіріп өтті. Екіншісі қазір өтуде. Құтқарушылардың тілімен айтқанда «жауынгерлік қанат жаю» деп аталады. Соңғысы – жаттығу мұнарасының 4-ші қабатына сатымен көтерілу.

 

Жеңімпаздар республикалық жарысқа барады. Кейін үздіктерден ел құрамасы жасақталып, келесі жылы Қазақстанда өтетін әлем чемпионатына қатысады.

 

Берік Қасен