Балалар

Жас көшбасшыларға арналған семинар-тренинг

Бұл семинардың негізгі мақсаты – қала мен ауыл жастарының қоғамдық және әлеуметтік теңдігін қамтамасыз ету. Яғни, оларға өз ортасындағы белсенділігі мен беделінің қалыптасуына жағдай жасау. Қоғамдағы барлық жаңалықтардан ауыл жастарының тыс қалмауына ықпал ету.

 

Виктор Молодовский, СҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы:

-Мұндай семинарлар өскелең ұрпақтың болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізеді деген ойдамыз. Қазіргі таңда жастардың көбі үлгілі, үздік болуға ұмтылуда. Ол – жақсы қасиет.

 

Жиында, сонымен қатар, “Қазақстан – 2020. Болашаққа жол” мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының өңірде жүзеге асу барысы да қызу талқыланды. Рустам Құсайынов Шал ақын ауданынан келген. Бүгінде мемлекет тарапынан жастарға зор қолдау бар. Ауданда өскелең ұрпақты алға жетелеу үшін жиі ұйымдастырылатын іс-шаралар мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы соған дәлел дейді ол .

Бұл бағыттағы жұмыстар міндетті түрде жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар. Алдағы уақытта әрбір ауданда жастарға арналған ресурстық орталықтар ашылуы мүмкін.

 

Біржан Қойшыбаев