Құқық қорғау органдары

Рұқсат етілмеген жерде сауда жасағандарға айып салынады

Полиция қызметкерлері, әдетте, контрафактілік тауарлар сату жағдайы жиі кездеседі дейді. Мәселен, «Тайга» сауда үйінің жанында тәртіп сақшылары Петропавл қаласының 16 жастағы тұрғынына кезігеді. Ол рұқсат етілмеген орында DVD дискілерін сатып отырған. Ақыры дискілер тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Жасөспірімнен түсініктеме алынған. Ал  дискілердің иесіне қатысты хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Осыған ұқсас заңбұзушылық вокзал маныңда да тіркелген.

 

Асылтас Жанабеков, Петропавл қаласы ІІБ учаскелік полиция инспекторы:

-3 сағаттың ішінде 400-ге жуық контрафактілік дискілер тәркіленді. Мұндай заңбұзушылық орын алған жағдайда тауар иесіне міндетті түрде айыппұл салынады.

 

Ал рұқсат етілмеген жерде саудалағандарға әкімшілік кодекстің 165-бабына сәйкес ескерту жасалады немесе 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

 

Вадим Яценко, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

-Қазіргі таңда облыс аумағында ішкі істер органдары рұқсат етілмеген  орындарда саудалау фактілерін анықтауға бағытталған шаралар өткізілуде. Рейд барысында, сондай-ақ, контрафактілік өнімдерді де іздестіруге баса назар аударылады.

 

Тәртіп сақшылары бұл жұмысты жыл соңына дейін жалғастырмақ.

 

Біржан Қойшыбаев