Денсаулық сақтау

Облыстық балалар ауруханасында сырқаттарға барынша қолайлы жағдайлар жасалуда

 

Бүгінгі күні облыстық балалар ауруханасының анестезиология, жан сақтау және қарқынды емдеу бөлімшесінде 3 нәресте емделуде. Оның үшеуі де туа біткен дертке шалдыққан. Өздігінен дұрыс дем ала алмайтын сәбилер мынандай арнайы аппараттың ішінде жатыр. Мұндағы білікті дәрігерлер мен заманауи медициналық құрылғылардың арқасында балалардың өмірін сақтап қалуға мүмкін болып отыр.

 

Нұрлан Жақыпов, облыстық балалар ауруханасы анестезиология, жан сақтау және қарқынды емдеу бөлімшесінің меңгерушісі:

– Дәрігерлер арнайы Астана қаласында білімін жетілдіріп келді. Біздің бөлімшеде қан аздықтың ауыр түрі, күрделі ота арқылы дүниеге келген сәбилер, қан жетпей туылғандар емделеді. Мұндай балаларды дертінен айықтыру үшін көп уақыт қажет.

 

Ал, мына бөлмеде ақаумен туылған сәбилерге қажетті қан сақталады. Ол үшін барлық жағдай жасалынған мұнда. Қанды арнайы температурада ұстау камерасы және мұздатқыштан бастап, арнайы үстел, орындықтарға дейін бар. Және бұл кабинетке жауапты ақ халаттылардан өзге ешкім кіре алмайды.

 

Динара Буркаева, облыстық балалар ауруханасының трансфузиолог-дәрігері:

– Қан құйылардың алдында сәбидің жағдайы жіті тексеріледі. Яғни, балалар Б, С гепатиті және ВИЧ инфекциясын жұқтырған ба, жоқ па сол анықталады. Бұл іс үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қажетті қан облыстық қан орталығынан жеткізіледі.

 

Бүгінде облыстық балалар ауруханасында 13 бөлімше бар.

 

Бану Ахметова