Қоғам

Мамлют ауданында әкім қызметінен үміткерлердің жартысы – әйелдер

 

Мамлют ауданында алдағы саяси додаға кандидаттарды тіркеу шілденің 8-і мен 22-сі аралығында өтті. 11 ауылдық округ пен Мамлют қаласының әкімі атануға 36 үміткер бар. Қазір олар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мақсатта әрбіріне облыстық бюджеттен 60 мың теңгеден бөлінген екен.

 

Василий Целуйко, Мамлют аудандық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Жалпы сайлау науқанын өткізуге 3 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бүгінгі таңда үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесулер өткізуде.

 

Әкім қызметіне үмітті азаматтар ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге бағытталған сайлауалды тұғырнамаларын дайындап қойған. Олардың тең жартысын әйелдер құрап отыр.

 

Василий Целуйко, Мамлют аудандық сайлау комиссиясының төрағасы:

– 36 кандидаттың 6-уы – заңгер, 5-уінің экономикалық, ал қалғанының педагогикалық білім бар.

 

Мамлют ауданында сайлау тамыздың 7-сі күні аудан орталығындағы 1-ші мектеп-гимназиясында өтеді. Қазір бұл жерде науқанға қызу әзірлік жүріп жатыр.

 

Мағжан Ахмадина