Бизнес және экономика

“Жастар тәжірибесі” бағдарламасының жастарға берері мол

 

Оқу орнын бітірген түлектер үшін бірден екі қолға бір күрек табу оңайға соқпайтыны рас. Осы орайда “Жастар тәжірибесінің” маңызы зор. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың бірі – Әйгерім Әлмішева. “Агрономия” мамандығы бойынша жоғары білім алған ол бүгінде қалалық аумақтық инспекцияда бас маманның көмекшісі қызметін атқаруда. Тәжірибе алуда бұл бағдарламаның берері мол дейді Әйгерім.

 

Әйгерім Әлмішева, Петропавл қалалық аумақтық инспекциясы бас маманының көмекшісі:

– Мамандығым өзіме ұнайды.

 

Жұмыспен қамту орталығы “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы бойынша ЖОО-ң биылғы түлегі Алмаз Әбішевке де көмектесіпті. Алмаз өтініш білдіргеннен кейін жауап 1 тәуліктің ішінде берілген. Қазір ол облыстық жастар саясаты жөніндегі басқармада уақытша нұсқаушы болып еңбек етуде. Жұмыс жақсы, жалақым көңілден шығады. Алдағы уақытта осында қалуым әбден мүмкін дейді жас маман. Қалалық жұмыспен қамту орталығы “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы аясында өңірдегі әр түрлі 56 ұйым және кәсіпорынмен келісім шарт жасасқан. Сөйтіп, жыл басынан 154 жас маман уақытша жұмысқа тұрды. Алда тағы 16 адамды еңбекпен қамту жоспарланып отыр.

 

Дана Есенбаева, Петропавл қалалық жұмыспен қамту орталығының инспекторы:

-Бұл бағдарламаның мүмкіндіктеріне техникалық, кәсіптік орта және жоғары оқу орындарын тамәмдаған түлектер ала алады. Жастарды жұмыспен қамтуға республикалық бюджеттен биыл 30 млн 368 мың теңге бөлінді.

 

“Жастар тәжірибесі” білімі бар, бірақ кәсібі жоқ жастарға көмектесуге арналған. Бүгінде бағдарламаның оң нәтижесі көп болмаса, аз емес. Талай азамат мемлекеттік қолдаудың арқасында екі қолға бір күрек тапты.

 

Бану Ахметова