ТЖ

Өңірде өрттен келген шығын 200 млн теңгеге жуықтады

Өткен аптада облыс орталығында 3 ірі от шыққан. Адам шығыны жоқ. Біріншісінде қаладағы Михеев көшесіндегі жеке сектордағы үйді қызыл жалын жалмады. Колхоз косогорында да өрт болды. Нәтижесінде қосалқы құрылыс пен 2 үй зардап шекті. Себеп – қауіпсіздік ережесін сақтамау.

Астана,50 мекенжайында да осындай оқиға орын алды. Мына суреттерден тілсіз жаудың зардабын көруге болады. 2:15 шыққан өрт маңайдағы сауда нүктесіне жайылған. Жалынды 2 бөлімнің құтқарушылары 1 сағаттың ішінде ауыздықтады.

Абырой болғанда, аудандарда да болған өрт оқиғасында адам шығыны тіркелген жоқ. Таңғы сағат 11 кезінде Ақжар ауданындағы Киевское селосындағы “Азия” дүкені отқа оранған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 сағаттан кейін ғана жетеді. Бұл бөлімнің жүздеген шақырым жерде орналасуына байланысты болып отыр.

Тонау фактісінің соңы өртпен аяқталды. Отын артылған ЗИЛ көлігінің жүргізушісі жолдың болмауынан Қызылжар ауданындағы Николаевка селосының маңында тоқтап қалған. Жүргізуші машинаны осы жерде қалдырып, тракторды іздеуге кетеді. Осы кезде белгісіз біреулер оны тонап, жүк автомобилін жағып жіберген. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Айдана Демесінова