Денсаулық сақтау

Облыстық балалар стоматологиясына жаңа оқу жылы қарсаңында келушілер көбейеді

 

Мәрияш Қабиева емханада 20 жылдан астам еңбек етеді. Ол бір ауысымда 60-қа жуық адамды қабылдап үлгереді екен. Жұмыс өте жауапты, сол себепті, тазалық талаптарын қатаң сақтау қажет дейді білікті маман.

 

Мәрияш Қабиева, облыстық балалар стоматологиялық емханасының дәрігері

-Қазіргі күні емхана заманауи құрылғылармен жарақталған. Бір реттік құралдарды пайдаланамыз. Жұмыс істеуге ыңғайлы.

 

Емхана заманауи құрылғылармен үнемі толығып тұрады. Сапалы медициналық қызмет көрсетуге бар жағдай жасалған. Бір реттік құралдар қолданылып, ауаны тазарту үшін аппарат орнатылған. Аспаптар арнайы камераларда залалсыздандырылады.

 

Светлана Авдонина,облыстық балалар стамотологиялық емханасының бас мейірбикесі:

– Медициналық қызметкерлерге қол жуарда тетікті басудың қажеті жоқ, қашықтықтан жүзеге асырылады. Сабын мен антисептикалық сұйықтықтардың тетіктері білекпен басылады. Бұның барлығы соңғы үлгідегі санитарлық талаптарға сай жасалып отыр.

 

Облыстық балалар стоматологиялық емханасында бүгінде 25 ақ халатты абзал жан жұмыс істейді. Оның тең жартысы – жоғары санатты мамандар. Олар күніне – 200, ал жылына 70 мыңға жуық адам қабылдайды екен.

 

Мағжан Ахмадина