Ауыл шаруашылығы

Жасыл желек зиянкестеріне қарсы күрес

 

Петропавлдықтар қала көшелерінде бір апта бойы дәл осындай көріністі байқаған болатын. Жұпсыз сұр көбелектер биыл, әсіресе, өңіріміздің Қызылжар, Мамлют және М.Жұмабаев аудандарында қаптап жүр. Дегенмен, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары қорқатын түк те жоқ дейді. Барлық қауіпті аймақ бақылауға алынып, дәрілеу жұмыстары жүргізілген.

 

Қайрола Байтеңізов, СҚО бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:

-10-шы шілде күні Қазақ ғылыми-зерттеу институтынан арнайы мамандарды шақырып сараптау жұмыстарын жүргіздік. Ормандарды үнемі бақылап отырамыз.

 

Жасыл желектің жауы – жұпсыз сұр көбелектермен облысымыздың орманшылары күресіп жатыр. Қауіп төнген барлық аумаққа 10 күн көлемінде өңдеу жұмыстары жүргізілген. Алқапқа газ генераторы бар 10 камаз шығып, «Демерон» препаратын сеуіпті. Химиялық дәрі көбелектің дернәсілін улауға арналған, аралар мен жануарлар үшін зияны жоқ дейді мамандар.

Бұндай жапырақ жейтін көбелектер өңірімізде соңғы рет 2007 жылы осынша көп болған екен. Қазір 40 363 га орман алқабына дәрілеу жұмыстары жүргізіліп, ағаштар толығымен тазартылды.

 

Біржан Қойшыбаев