Балалар

Студенттердің еңбек биржасының мәліметтер базасында 500-ден астам бос жұмыс орны бар

Студенттік еңбек биржасы – екі қолға бір күрек іздеген жастарға зор көмек. Әрі кәсіпкерлер үшін де тиімді. Бұл – қосымша жұмыс күші. “Меркурий Мұнай Өнімдері» ЖШС менеджері Татьяна Борисова студенттерді қуана қарсы аламыз. Бізде маусымдық шаруалар бастан асады дейді.

 

Татьяна Борисова, «Меркурий Мұнай Өнімдері» ЖШС менеджері:

-Біз студенттік еңбек биржасымен бірінші рет әріптестік орнатып отырмыз. Бұл ұйымның арқасында өз ісін үлкен жауапкершілікпен атқаратын студенттерді жазғы демалыс уақытына жұмысқп шақырудамыз. Солардың бірі – Дмитрий Тонконогов. Ол өзіне берілген тапсырманы адал және тиянақты атқарады.

 

Дмитрий М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің 3-курсында оқиды. Осы еңбек етіп жатқанына 1 ай болыпты.

 

Дмитрий Тонконогов,М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Студентік еңбек биржасының арқасында жұмысқа тұрдым. Тапқан нәпақам жеке өзіме жетеді. Айына 25 мың теңге көлемінде жалақы аламын .

 

Ал «Исмаилов» жеке кәсіпкерлігінде 20-дан астам студент еңбек етеді. Солардың бірі – Диана Садуақасова. Ол жарнама парақшаларын таратады. екен. Жаз басталғалы 800-ден астам азамат жұмыспен қамтылған. Әлі 500 бос орын бар екен.

 

Біржан Қойшыбаев