Құқық қорғау органдары

Петропавлдағы бір кәсіпорынның сейфінен 2 млн. теңге және 16 мың АҚШ доллары ұрланды

 

 

19 шілде күні таңғы сағат 4-те «Тайга» базарының маңында екі жігіт кезекшілікке шыққан полицейлердің күмәнін тудырады. Тәртіп сақшыларын көре салысымен олар қашуға тырысқан.

 

Қайыржан Дайрабаев, Петропавл қалалық ІІБ патрульдік полиция қызметкері:

– Екі күдікті «Тайга» сауда үйінің артына қашып, іздерін суытпақ болды. Көп ұзамай қашқындарды қуып жеттік. Бұндай әрекетке баруларын олар алкогөлдік ішімдік ішіп алғандарымен түсіндірді.

 

Тінту барысында қалталарынан 500 мың теңге мен 3 мың АҚШ доллары шығады. Петропавлдықтар қаржының қандай жолмен келгенін түсіндіре алмаған соң қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Кейін анықталғандай қомақты сома бір апта бұрын кәсіпорындардың бірінен қолды етілген. Ұрлыққа 4 баукеспе қатысыпты. Кейін ақшаны жымқыруға көмектескен өзге сыбайластары да ұсталды. Сезіктілердің айтуынша, кеңсеге терезе арқылы кірген. Сейфтің құлпын бұзып, 2 млн теңге мен 16 мың долларды іліп әкетіпті. Қылмыс уақытында нысанда тоқ көзі істен шыққандықтан бейнебақылау камералары жұмыс істемеген. Жалғыз күзетші де кедергі бола алмаған. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Біреудің мүлкіне қол сұқты деген күдікпен құрықталғандар уақытша ұстау абақтысына қамалды.

 

Жеңіс Ермұқанов