Қоғам

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығында “Алтын қор” құрылады

Іскер әйелдер қауымдастығы бүгін құрмет демалысына шыққан нәзік жандылардың басын қосып отыр. Жиынға келген әрбір азаматша еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан. Сондықтан, көпті көрген ақ жаулықты аналардың кеңесі, бай тәжірибесі біз үшін маңызды дейді олар.

 

Шарғия Мұқышева, №20 орта мектеп директоры:

-Үлкенді сыйлау ежелден келе жатыр. Соны біз жалғастыруымыз керек. Бұл кісілер кеңестерімен, көптеген істерімен әлі де қоғамға пайдалы деп ойлаймын.

 

Дастархан басында іскер әйелдер қауымдастығының «Алтын қоры» құрылатыны жайлы айтылды. Оған кезінде өңірді алға жетелеуде елеулі еңбек еткен әжелеріміз енбек. Ондағы мақсат – жақсылардың атын ұмытпай, жастарға үлгі-өнеге көрсету.

 

Бақытжан Сәмиева, СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

-Үлкендердің кеңесін тыңдап болашақ жоспарларымызды айқындаймыз. Бұл кісілердің тәжірибесі мол. Олар бұрын да, қазір де белсенді.

 

Кездесуге шақырылғандардың бірі – Нелли Иванова. Жерлесіміз зейнетке шықса да қол қусырып отырған емес. Ол қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып тұрады.

 

Нелли Иванова, еңбек ардагері:

-Облыстағы жетекшілердің үштен бірі – әйелдер. Бұл өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Кейінгі толқын бізді ұмытпайтыны қуантады. Олар біздің кеңестерімізге құлақ түріп, пайдалы ақпаратты түйіп отырады.

 

Құрметті қонақтарға әсем әндер тарту етілді.

 

 

Айдана Демесінова