Салық басқармасы

Көлік құралдары салығының ережесіне өзгертулер енгізілді

 

 

Жыл басынан бері көлік иелері 294 млн теңгеге жуық салық төлеген.Ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап күшіне енген заңнамаға сәйкес, енді көлік салығын төлеу кезінде сәйкестендіру нөмірі қоса көрсетілуі қажет.

 

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

– Қысқаша вин код деп аталады. Ол 17 нышаннан тұрады. Бұл автокөлікті тіркеу туралы куәлікте көрсетілген. Жүк автомобилі және машиналар үшін қорап нөмірі.

 

Біз жаңашылдық жайында тұрғындардың пікірін білдік.

 

– Бұл өзгеріс тиімділігімен танылады деп ойлаймын. Жалпы, Вин кодтың болғаны жақсы.

– Бәрібір салықты көлік қозғалтқышының көлеміне қарай төлейміз. Сондықтан, мен үшін вин кодтан пайда жоқ.

 

Вин код дегеніміз – көліктің жеке сәйкестендіру нөмірі. Ол арқылы автокөліктің тарихын зерттеп, қашан және қайда шыққанын анықтауға болады. Вин код болмаса, не мәліметтер жол полициясында көрсетілген ақпаратпен сәйкес келмесе, онда төлемдер орындалмай, қайтарылады.

 

Мағжан Ахмадина