Құқық қорғау органдары

Тазалықтың сақталуы – тәртіп сақшыларының назарында

 

Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мұндай рейдтерді күн сайын өткізіп тұрады. Шара – ұсақ заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бескөл ауылындағы адам көп шоғырланатын жерлер тәртіп сақшыларының қатаң бақылауында. Бір сағат ішінде ғана темекі қалдықтары мен қоқыс шашқан бірнеше тұрғын учаскелік полиция инспекторларының назарына ілігіп, ескерту алды.

Жыл басынан Қызылжар ауданының 41 тұрғынына қатысты әкімшілік хаттама толтырылыпты. Олардың 14-і қоқысты белгіленбеген жерге төккен.

 

Александр Белобровко, Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы:

-Қазақстан Республикасы әкімшілік Кодексінің 330 бабы 1-тармағы бойынша заң бұзған азаматтарға 3-тен 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Егер айыпталушы бір жылдың ішінде бұл әрекетін екінші рет қайталаған болса, 15 тәулікке бостандығынан айырылады.

 

Жалпы, жыл басынан облыс тәртіп сақшылары ұсақ заң бұзушылық жасағаны үшін 1103 азаматты жауапқа тартқан. Оның шамамен 400-не қоқыс шашты деген айып тағылды.

 

Айдана Демесінова