Қоғам

Сайлау комиссияларының басшыларына арналған семинар-кеңес

 

Кабиналар орнатылып, комиссия мүшелері орындарына жайғастырылды. Бір қарағаннан, нағыз сайлау өтіп жатыр деп ойлап қалуға болады. Өйткені, мұнда алдағы маңызды шараны ұйымдастыру іс жүзінде көрсетілуде. Бұл сайлаудың ережеге сай өтуіне ықпалын тигізбек.

Тамыздың 7-сіне Ғабит Мүсірепов ауданы да қамданып жатыр. Бүгінде бар шаруаның 90 пайызы тындырылыпты. Бұл жерде 17 әкім сайланады екен. Әкімшілік қызметке 51 адам өз кандидатурасын ұсынған. Яғни, 1 орынға шамамен 3 адам үмітті. Бүгін аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрсадық Барақаев сайлау өткізудің үлгісін қарауға келді.

Шілденің 23-і өңірде үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті. Осылайша, үміткерлер елді мекенді өркендету қолдарынан келетінін дәлелдеуде. Бұл шаруа сайлауға 1 тәулік қалғанда аяқталмақ.

 

Айдана Демесінова