Құқық қорғау органдары

“Жаз” республикалық жедел алдын алу шарасы оң нәтиже беруде

 

 

Шараның алғашқы күнінде Булаев бекетінде түнгі 11-ден кейін үлкендердің бақылауынсыз қалған бала ұсталды. Жеткіншектің анасына ескерту жасалды. Бұл 2 күннің ішінде анықталған жалғыз заңбұзушылық фактісі емес.

 

Мұрат Мұстафин, Петропавл станциясындағы ЖІІБ инспекторы:

– 15 – 17 шілде аралығында «Жаз» атауымен республикалық жедел алдын алу шарасы барысында түнде үлкендердің қарауынсыз қыдырып жүрген 16 жасқа толмаған 20 баланы ұстадық.

 

4-еуінің ата-анасына баласының тәрбиесіне бей-жай қарағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Туысы табылмаған 1 бала бейімдеу орталығына жіберілді. Шара өз жемісін бере бастады. Вокзал аумағында жасөспірімдерге ішімдік пен темекі сатудың біршама тиылғаны соған дәлел.

 

Мұрат Мұстафин, Петропавл станциясындағы ЖІІБ инспекторы:

Шара барысы теміржол қызметкерлері арасында 5 рет кеңесте талқыланды. Және тұрғындардың қатысуымен 3 жиын өтті. Онда ата-аналарға балаларын бейуақытта жүрмеуін ескерттік.

 

Полицейлердің айтуынша, жыл басынан бері балалардың қатысуымен болатын оқыс оқиғалар тіркелмеген. Петропавл станциясындағы ЖІІБ қызметкерлері келесі шараны тамыз айында өткізуді жоспарлап отыр.

 

Берік Қасен