ТЖ

Құтқарушылар алғашқы жартыжылдықты қорытындылады

 

Облыста шомылу маусымы басталғалы 25 адам суға кетті. Оның 4-уі – жасөспірім. Соңғы үш жылда болған төтенше жағдайдың 41 пайызы Есіл өзенінде болған. Мамандар қайғылы жағдайға душар болғандардың көбі судағы қауіпсіздік ережесін сақтамаған дейді.

 

Виктор Держанский, СҚО ТЖД суда құтқару қызметінің бастығы:

Облыс аумағында 3,5 мыңнан астам су көзі бар. Оның 38-і демалыс орындары мен жағажайлар. Көптеген азаматтар шомылу маусымы кезінде су құрбаны болады.

 

Ал  өрт сөндіру қызметі мамандарының мәлімдеуінше облыс аумағында 399 өрт оқиғасы тіркелген. Ол былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 22 пайызға азайған. Өкінішке қарай, от жалмаған 31 адамның 7-уі бала. 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында ТЖД қызметкерлері кәсіпкерлермен қауіпсіздік шаралары бойынша 12 дөңгелек үстел өткізіп, 238 тексеріс жұмыстарын жүргізген.

 

Біржан Қойшыбаев