Балалар

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асу барысы

 

Бүгінде облыста 61 жастар ұйымы бар. Олардың 10-ы ауылдық жерлерде. Биыл олар  бірнеше жобаны қолға алған.

 

Виктор Молодовский, СҚО жастар саясаты жөнiндегi басқармасының басшысы:

– Ағымдағы жылы 20 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражат 11 әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыруға жұмсалады. Олардың 1-уі іске асты. 8-і бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ал қалған 2-уі күзде басталады.

 

Өңірімізде сәтті жүзеге асып жатқан жобалардың бірі – жастардың студенттік еңбек биржасы. Биыл сәуір айынан 1 285 жас азамат жұмыс істеуге ниет білдіріпті. Соның 803-і еңбекпен қамтылса, қалғаны тиісті жұмыс орындарына бағытталды.

 

Сергей Белов, СҚО жастар студенттік еңбек биржасының басшысы:

– Жастар бізге жиі келеді. Оларға әрдайым көмектесуге тырысамыз.Қазір 600-ге жуық бос орын бар.

 

Елдің жарқын болашағы – жастардың қолында. Бүгінде өңір студенттері қоғам өміріне белсене араласып, елдің дамуына өзіндік үлесін қосып жатыр дейді облыстық мәслихат депутаты Райхан Әбдірахманова. Жастардың оң бастамалары мен тың идеялары халық қалаулыларының тарапынан зор қолдау табуда.

 

Райхан Әбдірахманова, облыстық мәслихат депутаты:

-Бұл шара жастар мен депутаттарды біріктіріп, мәселелерді талқылауға жетелейтін маңызды кездесу. Жастар – елдің ертеңі. Сол себепті, оларды қолдап, бастамаларын демеуге әзірміз.

 

Ағымдағы жылы елімізде тұңғыш рет партиялық тәлімгерлер институты құрылған. Оның да жұмысы мемлекетіміздің әлеуметтік- экономикалық дамуына серпін берері хақ.

 

Мағжан Ахмадина