Құқық қорғау органдары

Түзету мекемелерінде жазасын өтеушілер саны көбейді

Облыс бойынша темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқандардың саны биыл 2023-ке жетті. Департамент қызметкерлері өзге құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп жыл басынан 339 қылмыстың бетін ашқан.

 

Берік Жәмішев, СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары:

-Мекемеге жасырын затты өткізбек болған 88 мың теңге ақша тәркіленді. 26 литр ішімдік, есірткі заттары – 41 грамм, кескіш заттар және ұялы телефондар. Қазіргі уақытта тәрбие жұмыстары жүргізілді. Соның арқасында 2013 ж 166 сотталған босап шықты. Оның 85-сі мерзімінен бұрын босатылды.

 

Сотталғандардың денсаулығы да көлеңкеде қалып жатқан жоқ.

 

Берік Жәмішев, СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары:

-Дәрі-дәрмекке және денсаулығын жақсартуға 54 млн 834 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда туберкулез ауруы кеміп, жағдай жақсарып жатыр.

 

Дұрыс жолдан тайғандарды жұмыспен қамту бойынша да біраз шаруа тындырылған екен.

 

Берік Жәмішев, СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары:

-Жұмыспен қамту бойынша былтырғы жартыжылдыққа қарағанд бізде 37 адамға көбейді. Түзеу мекемелерінде жеке кәсіпкерліктерді ашып, солар көбін жұмыспен қамтамасыз етіп жатыр.

 

Аймақта сотталғандарды орта кәсіби білім беру арқылы оң жолға түсуіне септесу үшін жағдайлар жасалған. Екі түзету мекемесінде кәсіптік-техникалық училище жұмыс істейді. Мұнда 8 мамандықтың қыр-сырын үйретеді екен.

 

Айдана Демесінова