Білім

Қызылжар ауданында 15 мұғалімнің орны бос тұр

 

Мақпал Ищанованың “Дипломмен – ауылға” бағдарламасы аясында жұмыс істеп жатқанына тура 1 жыл болыпты. Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық-педагогикалық колледжін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген ол, өз еңбек жолын ауылды жерде бастамақ болған. Бұл мемлекеттік жобаның жастарға берері мол дейді жас маман.

 

Мақпал Ищанова, Новокаменка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылжар ауданы:

-«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша  ауылда жастарға жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған.

 

Бүгінде Новокаменка орта мектебінде барлығы 38 мұғалім қызмет етеді. Таудай тәжірибесі бар оқытушылар ауылға келген жас мамандарға білгендерін үйретуден жалықпайды.

 

Ләйлә Аманова, Новокаменка орта мектебінің директоры, Қызылжар ауданы:

-Мақпал өте жауапты және өзіне берілген жұмысты тиянақты атқарады.

 

Мақпал 2-сыныпқа сабақ береді.

 

Мақпал Ищанова, Новокаменка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылжар ауданы:

-Ұстаз болу үлкен жауапкершілікті талап етеді.

 

Жалпы, Қызылжар ауданына «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша өткен жылы 36 мұғалім келіпті. Аудан мектептерінде әлі 15 бос орын бар.

 

Біржан Қойшыбаев