Құқық қорғау органдары

Машинада балаға арналған орындық болмаса – 5 АЕК айыппұл

 

Қоғамдық және басқа көлікте баласын қолға алып жүру қатаң түрде тиым салынады. Мамандардың айтуынша көлік қақтығысқан сәтте адамның салмағы 10 есе артады. Сол себепті болмашы ғана қателіктен өзінің баласының да өміріне қауіп төндіреді.

 

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД ЖПБ аға инспекторы:

-Заңда көрсетілгендей 12 жасқа дейінгі баланы көлікке қосалқы орындықсыз отырғызуға тиым салынады. Ереже сақталмаса, әкімшілік кодекстің 463 бабының 1 тармағына сәйкес айыппұл салынады. Яғни, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 8655 теңге төлеуге мәжбүрленеді. Егер де жүргізуші 2-ші рет осы заңды бұзып, ескертуге құлақ аспаса, шара ретінде оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

 

Ережені 3 рет бұзса, көлігінен айырылып, ісі сот қарауына жіберіледі.

Жол полицейлері жолда жүру ережесін қатаң түрде сақтау керектігін ескертеді. Себебі, кішкентай қателік орны толмас қайғыға әкеліп соғуы мүмкін.

 

Александр Малофеев, жүргізуші:

Баласының өміріне алаңдайтын әрбір ата-ана міндетті түрде қаражатын аямай, көлігіне орнатылатын балалар орындығын сатып алған жөн. Апат айтып келмейді, мына көліктер қарбаласқан жолда сақ жүрген жөн.

 

Арнайы шағын орындық барлық көлікте болғаны абзал. Оны кез-келген сауда нүктелерінде қол жетімді бағамен сатып алуға болады.

 

Екатерина Юнусова, сатушы:

-Бұғанасы қатпаған бөбектер орындығының бағасы 12 мың теңгеден басталады. Егер балаңыздың жасы 1-ден асса, дене бітіміне сай 14-16 мың теңгенің арнайы орындықтарын алған жөн.

 

Жол сақшылары мұндай рейдті алдағы уақытта да ұйымдастырмақ .

 

Берік Қасен