ТЖ

Биылғы жазда облыс өзен-көлдерінде 60 адам құтқарылды

Қайғылы жағдайдың бірі Қызылжар ауданында орын алды. 40 жастағы ер адам Красная горка селосынан 2 шақырым жерде Есіл өзеніне батып кеткен. Ал  34 жастағы азамат Ғ.Мүсірепов ауданындағы Пески селосының маңында Есіл өзеніне түсіп жүрген кезінде ажал құшты. Жалпы, шомылу маусымы басталғалы 60 адам құтқарылған. Оның 22-сі – бала. Өткен аптаның өзінде сүңгуірлер 5 тұрғынды аман алып шыққан. Мамандар қайғылы жағдайға душар болғандардың көбі судағы қауіпсіздік техникасын сақтамаған дейді. Сол себепті, құтқару қызметінің сүңгуірлері тек асты тегіс жерлерде ғана шомылып, мас күйде, қатты желде және түнде жалғыз суға түспеуді ескертеді.

 

Данаш Хамзина