Құқық қорғау органдары

“Учаскедегі қабылдау” акциясы

 

Шараға учаскелік инспекторлармен бірге полиция басшылығы да белсенді қатысқан. Мәселен, тұрғындарды қалалық № 13 аймақтық полиция бекетінде ішкі істер департаменті бастығының орынбасары  Серік Ыдырысов қабылдады. Кездесуде азаматтар маңайға бей-берекетсіз көлік қою мәселесі мен түнде аулада отыратын жастардың маза бермейтіні жайлы көп айтқан. Тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдары алдағы уақытта ескерілетін болады.  Осылайша учаскелік орындарда 569 кездесу ұйымдастырылып, 100-ден астам өтініш келіп түскен. Оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды.

Бұдан басқа тағы 150 жиын өткізіліп, оған 9 мыңға жуық адам қатысқан. Түскен 262 шағымның 75-і абаттандыруға байланысты. Келесі акция жылдың соңында ұйымдастырылмақ.

 

Мағжан Ахмадина