ТКШ

Петропавлда тұрмыстық қалдықты бөлектеп салуға арналған жәшіктер орнатылуда

 

Германиядан әкелінген жаңа қоқыс жәшіктері бұрынғыларына қарағанда ыңғайлы. Ескілеріне салған қалдық желмен ұшып кетсе, қазіргілері ондай қиындық тудырмайды. “МюльСервис” ЖШС-нде 600-ге жуық контейнердің барлығы еуропалық үлгіде.

 

Антонида Романова:

-Қоқыс уақытында шығарылып тұрады. Кәсіпорынның жұмысына көңіліміз толады. Мына бір жаңа темір жәшіктер қолайлы екен.

 

Аталған кәсіпорын қоқыс шығарумен 7 жыл айналысып келеді. Бүгінде мұндағы техника да жаңа. Қалдық таситын 4 ауыр машинаға қоса жуырда тағы бір заманауи көлік сатып алыныпты. Серіктестік облыс орталығындағы 40 мыңға жуық тұрғын мен 700-ден астам дүкеннің қоқысын шығарады. Тазалық – басты назарда, бірақ, азаматтар тарапынан да кететін олқылықтар бар дейді “МюльСервистің” мамандары. Әсіресе, жеке сектордың тұрғындары екі жақты келісім жасауға немқұрайлық танытатын көрінеді.

 

Александр Мецлер, «МюльСервис» ЖШС директоры:

-Біз пәтер иелері корперативтерімен келісіп шарт жасасып, қарамағымыздағы әрбір ауланың тазалығын жіті қадағалап отырамыз. Бірақ, кейбір ұйымдар артық қаражат шығарғысы келмей, қоқысты өз күшімізбен тасимыз дейді. Кейде қалдықтың шашылып жатқанының бір себебі осы. Олардың салғырттығынан соңында біз зардап шегеміз.

 

Бүгінде Петропавлда қоқыс шығарумен 8 коммуналдық кәсіпорын айналысады.

 

Біржан Қойшыбаев