ТКШ

Өңір тұрғындарының коммуналдық қызметтерге қарызы 56 млн теңгеден асты

 

Қазір облыста коммуналдық қызмет қарызын жинау жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп жатыр. Басты назар  борышты өтеуден қашқақтап жүргендерге аударылуда. Кейбірінің пайдаланған қызмет құнын төлемеуге елемеуге еті әбден үйреніп алған.

 

– Сәлеметсіз бе, Сіз коммуналдық қызметтер үшін қарызсыз.

-Түсірмеңіздер. Қазір киініп шығамын.

 

Алайда, бұл есік енді ашылмады. Сот орындаушылары соққан келесі мекенжайда баспана иесі үйде болмай шықты. Суық күндерді жылыда, қараңғыны жарықта өткізетін тұрғындардың кейбірі маңызды қызметті тиісінше бағаламай отыр. Бұл тұтынушы 62 мың теңге қарыз.

 

-Үйде ересектер бар ма?

-Жоқ, олар жұмыста.

 

Мамандар осындай жағдайда ескерту қағазын да бере алмай кетеді екен. Жалпы, Мир көшесі 225 мекенжайындағы жатақхана тұрғындары сан мәрте ескерту жасаса да құлақ аспайтын көрінеді. Ондайларды сот арқылы сабасына түсіреміз дейді сот орындаушылары.

 

Азат Бекқожин, СҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің аға сот орындаушысы:

-Біз тұтынушының жағдайын ескеруге тырысамыз. Жағдайы бола тұра қарызды өтемесе, жылжымалы мүлкіне тиым салынады. Құнды заттары тәркіленіп, шетелге шығуға рұқсат берілмейді. Сөйтіп, борышкерлер орталық жүйеге енгізіледі.

 

Жалпы, өңір бойынша дебиторлық қарыз 56 млн теңгеге жеткен. Араларында тұтынған қызметтің жиылдап жиналған қарызы 300 мың теңгеден асып кетіпті. Кешенді шаралардың арқасында 9 млн-ы өндіріліп алынған.

 

Жеңіс Ермұқанов