Құқық қорғау органдары

Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған рейд

Жаз келісімен жолдарда велосипед, скутер мен мопед көліктері көбейеді. Полицейлердің айтуынша, бұл қос дөңгелектілер жол апаттарына жиі себепші болады екен. Мәселен, өткен сенбіде Жамбыл мен Интернационал көшелерінің қиылысында 21 жастағы скутер жүргізушісі «Тойота» жеңіл көлігімен соқтығысып қалады. Жігіт бағдаршамның қызыл түсі жанғанда өтпекші болған. Салдарынан бұғана сүйегі сынып, ауруханаға жеткізілді.

Жол полицейлері жол ережесін қатаң түрде сақтау керектігін ескертеді. Себебі, болмашы қателік орны толмас қайғыға әкеліп соғуы мүмкін.

Жол сақшылары мұндай рейдтерді алдағы уақытта жиі ұйымдастырмақшы.

 

Мағжан Ахмадина