Спорт

Жеңілатлетші Маргарита Мұқашева – Универсиада жеңімпазы

 

Жерлесіміз Маргарита Мұқашева дүние жүзінің жүйріктерімен жарысып, ұлттық рекорд орнатты. Ол 800 метрлік қашықтықта ресейлік бәсекелесі Екатерина Купинаны (1:58.96) секунд уақытпен шаң қаптырды.

 

Маргарита Мукашева, XХVII Бүкіләлемдік жазғы Универсиада чемпионы:

-Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бар күшімді уысыма жинап жүгіріп шықтым. Бұл – менің ғана емес, елімнің де жеңісі.

 

Маңдай тердің арқасында келетін жеңіс қашан да бағалы дейді спортшы қыздың бапкері Петр Литвиненко. Бұл – облыс тарихына енетін ерлік қадам.

 

Маргарита Мұқашева, XХVII Бүкіләлемдік жазғы Универсиада чемпионы:

Мен Бүкіләлемдік жазғы универсиадаға 4-ші рет қатысып отырмын. Медаль аламын деген арманым орындалды. Шынығудан жалықпау керек. Адам тынбай-талмай еңбектенсе, міндетті түрде спортта да, өмірде де тек биіктен көрінеді. Менің оған көзім жетті.

 

Жерлесіміздің ендігі бағындыратын асуы – Мәскеудегі әлем чемпионаты. Ол жақында байрақты бәсекеге дайындалу үшін Алматы  қаласына барады.

 

Петр Литвиненко, Маргарита Мұқашеваның бапкері:

Маргарита күнде талмай еңбек етті. Сөйтіп, өзіне деген сенімі артты. Мен де оның жеңетініне сенімді болдым.

 

Келесі 28-ші Бүкіләлемдік жазғы Универсиада Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтпек.

 

Берік Қасен