Қоғам

Тамыздың 7-сі күні Солтүстік Қазақстан облысында 194 әкім жаңадан сайланады

 

Аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық, селолық округтердің әкімін сайлау науқанына солтүстікқазақстандықтар қызу дайындалуда. Оған облыстық және 13 аудандық сайлау комиссиясының мүшелері жұмылдырылды. Олардың қатарында Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық филиалының мүшелері де бар.

 

Сергей Мартемьянов, Қазақстан коммунистік халық партиясы СҚОФ бірінші хатшысы:

-ҚР Конституциясының 87 бабы 4-тармағында облыс, Астана және республикалық маңыздағы қалалардың әкімдерін Президент тағайындайды деп жазылған. Ал өзге деңгейдегі әкімдер тағайындалады немесе сайланады. Заңның нақты орындалып жатқанын, міне осыдан да көруге болады.

 

Елбасының бастамасына халық зор қолдау танытуда.

 

-Бұл қызметке лайықты адам таңдалып, сайлау оң нәтиже береді деп ойлаймын. Меніңше, әкім ауылды дамытуды көздеген, бұқара қамын ойлайтын, сол өзі басқаратын жердің тұрғыны болуы керек.

 

Ендігі уақытта, ауылдағы басшыларға артылар жүк салмақты болмақ. Өйткені, олардың құзырлығына 60-тан астам қызмет бекітілмек. Осылайша, елді мекеннің жетекшілері жастар тәжірибесін ұйымдастыру, мүгедектерге көмек көрсету, денсаулық сақтау мекемелерін кадрлармен қамтамасыз етуге де атсалысатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, өңірімізде сайлау тамыздың 7-сі өтеді. Онда аудандық маңыздағы 4 қала, 190 ауылдық және селолық округтің әкімдері сайланбақ.

Айдана Демесінова