Kurultai banner mobile

Қоғам

Маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу шарасы

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлар нарколог мамандармен бірге аз қамтылған отбасыларды аралап, тұрмыс жағдайымен танысты. Осылай, тәртіп сақшылары жыл басынан тұрмысы төмен 30 отбасыны аралап, кәмелетке толмаған 8 жасөспірім мен 2 жанұяны тіркеуге қойған. Ал, 35 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Кейбір балалар үлкендердің қарауынсыз түнгі 11-ден кейін далада жүрген. Полиция қызметкерлері жедел алдын алу шарасын алдағы уақытта жиі ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Біржан Қойшыбаев