Білім

Елімізде талапкерлерді кешенді тестілеу науқаны басталды

 

Оқу корпустарының алдына жиылған талапкерлер таңғы сағат 8-ден сынаққа кіретін уақытты күтіп қобалжуда.

 

-Колледжден кейін тест тапсырғалы жатырмын. Дайындығым жақсы.

-Қазақ тілі пәні мен әдебиетінің мұғалімі мамандығына оқыдым. Енді сол бағыттты жалғастырып, ЖОО түсуді көздеп отырмын.

Нина Колбик Жамбыл ауданындағы Казанка қазақ орта мектебінде әлеуметтік ұстаз болып қызмет атқарады. Оқу оқыған ешқашан кеш емес дейді ол.

 

Нина Колбик, талапкер:

– Қазір ЖОО түсу үшін тест тапсыру керек. Сынақтан сәтті өтсем, білімімді осы оқу ордасында жалғастырамын.

 

Талапкерлерді өткізу тәртібі жіті бақылауға алынды. Кіре берісте темір іздейтін қондырғы, тест тапсыруға бөлінген 19 аудиторияда бейнекамералар орнатылған. Ұялы байланыс құралдарының сигналдарын басатын жабдықтар да бар.

 

Қасым Елемесов, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы»РМҚК өкілі:

– Министрлік өкілдері, комиссия тестілеудің өту барысын қадағалайтын болады. Талапкерлер үшін барлық жағдай жасалған.

 

Талапкерлер 4 пәнді қамтитын 100 сұраққа 2,5 сағаттың ішінде жауап берулері керек. Оқуға түсу үшін ең төменгі ұпай саны – 50 балл.

 

Гүлмира Оспанова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:

– Талапкерлердің 307-сі тесті қазақ тілінде, 592-сі орыс тілінде тапсырады. Сынақтан өткендер мемлекеттік гранттар байқауына да қатыса алады.

 

Ал апелляциялық комиссия шілденің 20-сы таңғы сағат 9-дан түскі 1-ге дейін жұмыс істейді.

 

Мағжан Ахмадина