Ауыл шаруашылығы

Қысқа ағаш отын дайындау науқаны

 

Қыстың қамын жаз ойлайтын солтүстікқазақстандықтар қауырт маусымға қызу дайындық үстінде. Өңір тұрғындарына жылыту маусымынан шығу үшін шамамен 400 шаршы метр отын қажет. Өңір қажеттілігін 29 орман шаруашылығы қамтамасыз етеді. Дайын ағаштың бір текше метрі 3700-4000 теңге шамасында өткізілуде. Бұған жылыту көзін тапсырыс берушіге жеткізу құны да енеді.

 

Сәуле Сүлейменова, СҚО табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

-10 шілдеде орман шаруашылықтары және ағаш пайдаланушылармен кеңес өткіздік. Жиында отын әзірлеу аумақтары анықталып, екі жаққа да тиімді баға бекітілді.

 

Көбі отынды белгіленген құннан жоғары бағаға иеленіп жатады. Ол алып-сатарлардың жұмысы. Маңызды үрдіс табиғат сақшыларының қатаң бақылауында. Сондай-ақ, мамандар қысқы отын алуға қауқары жоқ жандарды анықтап, демеу жасайды.

 

Сәуле Сүлейменова, СҚО табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

-Шілденің 20-сы – тамыздың 10-ы аралығында қайырымдылық айлығын жарияладық. Игі шара аясында аға буын өкілдері мен тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға көмек көрсетудеміз. Бүгінде 79 баспана иесіне 395 шаршы метр отын тегін жеткізілді.

 

Селолық әкімдердің тізіміндегі бұған аса мұқтаж адамдардың да сұраулары қанағаттандырылуда. 465 ауылдықтың орамына 1573 текше метр ағаш жеткізілді. Жалпы  2013 жылға 560 мың текше метр жылыту көзі әзірленеді. Қатты отынның бұл көлемі жерлестерімізді толықтай қамтуға жетеді дейді мамандар.

 

Жеңіс Ермұқанов