Денсаулық сақтау

Петропавлда жылжымалы флюорограф жұмыс істеуде

 

 

Тұрғындарға мұнда таңғы сағат 9-дан түскі 2-ге дейін тегін қызмет көрсетіледі. Жылжымалы флюорография көлігінде азаматтардың денсаулығын 2-ші қалалық аурухананың дәрігерлері бақылауда. Бүгінге дейін осы жердегі тұрғындардың 78 пайызы қаралып, 6-нда туберкулездің алғашқы белгісі табылған. Олар қайта тексеріске жіберілді. Жалпы, жыл сайын өткізілетін мұндай шара әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, ішімдік пен нашақорлыққа салынған адамдардың денсаулықтарын қадағалауға бағытталған. Тұрғындарға да өте қолайлы. Ұзақ уақыт кезек күтіп тұрмай, жылдам әрі сапалы тексерілуге болады. Дәрігерлер осы аймақтағы әрбір үйді аралап, тұрғындарды тегін тексерістен өтуге шақыруда.

Бүгін жылжымалы флюорографиялық пункт 1 сағаттың ішінде 30 шақты азаматты қабылдап үлгерді. Осы айдың аяғына дейін 1800 адамды тексерістен өткізу жоспарланған.

 

Біржан Қойшыбаев