Спорт

Петропавл шахмат-дойбы клубына – 35 жыл

 

 

Қала тұрғыны Вячеслав Филяткевич осында күнде келеді. Сексеннің сеңгірінен асса да, ақсақал әлі тың, ойы жүйрік. Ойланудан әсте жалықпаймын дейді.

 

Вячеслав Филяткевич, “Барыс” БЖСМ шахмат клубының мүшесі:

Мұнда келіп жүргеніме 15 жыл болды. Бұл жер менің 2-ші үйім сияқты. Адам кәрілікке бой алдырмай, миын үнемі жұмыс істеткізсе, өзі де пысиды.

 

Ал, Өсербай Исақов, тіпті, Якорь селосынан келеді екен. Бір уақытқа күйбең тіршілікті ұмытып, өз замандастарыммен әңгіме-дүкен құрамын. Шахмат ойнап, демаламын дейді.

 

Өсербай Исақов, “Барыс” БЖСМ шахмат клубының мүшесі:

Осы клубта 2005 жылдан бері шахмат ойнаймын. Ол ойлау жүйесі мен ақыл-есті жақсы дамытады. Осында ойнағалы өзіммен замандас адамдарды таптым. Мұнда шахматтан басқа, тоғыз құмалақ, дойбы турнирлері өтіп тұрады.

 

Шахматтан өткен қалалық біріншіліктің 13 мәрте чемпионы атанған тәжірибелі бапкер Салтанат Мұқановтың айтуынша бұл ойынның берері мол. Бүгінде оның оқушыларының көбі – халықаралық спорт шеберлігіне үміткерлер.

 

Салтанат Мұқанов, облыстың шахмат бойынша бас жаттықтырушысы, ҚР спорт шебері:

-Бізде қыркүйектен мамыр айына дейін шахмат бойынша маңызды қалалық, облыстық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Онда оқушыларым бар жиған-терген білімдерін, айла-тәсілдерін тиянақтап бекітеді. Одан кейін үлкен бәйгелерде жарысады.

 

Енді, күзден бастап шахмат клубында ойынға қажетті құрал-жабдықпен сайланған сыныптарда балалар да айналысатын болады.Бүгінде аталған ұйымға 35 жыл толып отыр. Мұнда шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойнауға күніне 50-ден астам келеді.

 

Берік Қасен