Кеден

Кеденшілер әулеті

 

 

Сейіт Уақпаев бала кезінде өз өмірін кедендік қызметпен байланыстырамын деп тіптен ойламаған. Кейін 90-шы жылдардағы тоқырау кезінде кеден саласына келеді. Алғашында инспектор болып бастаған Сейіт Қазиұлы өзінің табандылығы мен жұмысқа деген ынтасының арқасында қызмет жолында өскен.

 

Сейіт Уақпаев, СҚО кедендік бақылау департаменті кедендік кіріс басқармасының басшысы:

Көп қызметттер атқардым. Қарапайым бөлім инспекторы да болдым, бөлімде бас маман қызметін атқардым. Қазір енді кедендік кіріс басқармасының бастығы болып отырмын. Алдына мақсат қойған адам бәріне қол жеткізеді деп ойлаймын.

 

Сейіт Уақпаевтің кенже қызы да әке жолын қуып, осы салаға бет бұрған. Кішкентай кезінен форма киюді армандаған Әлия мектепті бітірісімен Астанадағы Қаржы Академиясына оқуға түседі. Оны 2010 жылы аяқтайды.

 

Әлия Баукенова, Сейіт Уақпаевтың қызы:

Мен 11 сыныпта боксқа қатыстым. Ол менің физикалық дайындығымды шыңдады. Академияда оқып жүргенде маған әкем ылғи кеңестер беріп, мені қолдап, демеп жүрді.

 

Әлия Баукенова енді баласы – Есләмнің де келешекте нағашы атасы сияқты дәстүрді жалғастырып, кеден саласында еліне адал қызмет еткенін қалайды.

 

Мағжан Ахмадина