Білім

Әскерилер арасындағы тіл байқауы

 

Өңірлік «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауға іріктеудің алғашқысы наурыз айында өтті. Бүгін 2-ші кезеңі жалғасын тапты. Сайысқа барлығы 6 әскери қызметші қатысуда. Оның 3-еуі орыс ұлтынан болса, қалғаны өзбек  ағайындар. Соның бірі – Сардар Мұхтаров.

 

Сардар Мұхтаров, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының курсанты:

Ұлтым өзбек. Қазақстанда туып-өскен әрбір азамат қазақтың мәдениетін, тілін білуге тиісті деп ойлаймын. Сол себепті, қазақ халқының тілі мен ділін жақсы меңгергенімді дәлелдеу үшін бүгінгі байқауға 1-ші рет қатысып отырмын. Бойымдағы бар өнерімді көрсетемін.

Әскери институттың бетке ұстар мамандарының бірі – Юлия Сухоставская. Ол мемлекеттік тілді мектеп қабырғасынан бастап еш қиындықсыз меңгеріп келеді. Талай сайыстарға қатысып, үздіктер қатарынан көрінген.

 

Юлия Сухоставская, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институттың жауынгерлік әзірлік және әскер қызметі бөлімінің аға маманы:

-Мен осы сынды байқауларға 3 жыл қатарынан қатысудамын. Осыған дейін тек жүлделі орындарды иеленіп келдім. Енді облыс намысын ел көлемінде абыроймен қорғасам деймін.

 

Байқау жеңімпаздары қыркүйектің 22-сі Астанада өтетін республикалық сайысқа барады.

 

Берік Қасен