Спорт

Түзету мекемелеріндегі спартакиада

 

Спартакиада концерттік бағдарламамен ашылды. Жарыстың жалауын бұл жолы өткен жылдың жеңімпаздары 4-ші жасақтағы жазасын өтеушілер көтеріп шықты.

 

Қайрат Басағаринов, ЕС 164/3 түзету мекемесі бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

– Бұл турнирге әр жасақтан 40-50 адамға дейін қатысады. Олар волейбол, үстел теннисі, қол күресінен бақтарын сынайды.

 

Сайыс футболдан басталды. Колония құрамасы ойын алаңында “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасымен кездесті. 7/6 есебімен жазасын өтеушілер басым түсті.

 

Николай Ефшименко, жазасын өтеуші:

Ойын тартысты өтті. Біз де есемізді жіберген жоқпыз. Жеңгенімізге қуаныштымыз. Енді осыдан кейін мен волейбол ойынына қатысамын.

 

ЕС 164/3 мекемесінде спартакиада шілденің соңына дейін жалғасады. Қатысушылар ауыр және жеңіл атлетикадан басқа  тоғыз құмалақ пен шахматтан да сынға түседі.

 

Берік Қасен