Бизнес және экономика

Солтүстік Қазақстан облысының жарты жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Облыстық статистика департаменті мамандарының мәлімдеуінше өңір халқының саны 578 мың адамды құрайды. Ағымдағы жылы 1 375 облыс тұрғыны шаңырақ көтерген. Дегенмен, 788 ажырасу фактісі тіркеліпті. Сонымен қатар, халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 7,1 пайызға жоғарылаған.  Тұрғын үй құрылысы да қарқын алған. 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында жаңадан 224 ғимарат салынса, оның 215-і баспана. Облыста жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағасы 1,6 пайызға жоғарылаған. Жұмыссыздар ретінде есепте тұрған адамдардың 5 795-і еңбекпен қамтылды. Алғашқы жартыжылдықтың қорытынды бойынша қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері ең жоғарғы жалақы алуда. Олардың бір айлық еңбек табысы орташа есеппен 113 мың теңге. Ал, ең төмен айлық еңбекақы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінікі. Ол 49 мың тенгені құрайды.

 

Біржан Қойшыбаев